Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қызылорда облысының тумасы Түркістанда жалдамалы пәтерде өз балаларын өлтірді. Бұл туралы Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева айтты, деп хабарлайды Dauletten.kz.
«Екі бала анасының қолынан қаза тапты. Иманды болсын. Періштелер... Қызылорда облысының тумасы Түркістан қаласына келіп, пәтер жалдағаны, содан соң туыстарына балаларды өлтірейін деп жатқаны туралы айтқаны белгілі болды», - деп жазды Динара Зәкиева Instagram парақшасында.
Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталуда. Істі Түркістан облыстық полиция департаменті тергеп жатыр.
Еске салсақ, Түркістандағы жалдамалы пәтерлердің бірінен екі кішкентай баланың мәйіті табылғаны хабарланған еді. Сондай-ақ балалардың анасының мектепте мұғаліп болып жұмыс істегені мәлім болды.