Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Мирболат Құрмашев атты азамат Түркиядағы жер сілкінісінен кейін байланысқа шықпаған. Сыртқы істер министрлігі оның ізделіп жатқанын хабарлайды, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Мирболат Құрмашев Хатай қаласында болған. Зілзаладан кейін байланысқа шықпаған.
Қазақстан азаматының жоғалғаны туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин де әлеуметтік желіде жазба қалдырды. Оның хабарлауынша Мирболат – Astana Hub өкілі, ВТ Мирус компаниясының иесі.
“Алматыдағы бауырының айтуынша, достарымен бірге Хатайда пәтер жалдап тұрған. Олар зілзаладан кейін байланысқа шықпаған. Бүгін туған-туыстары, достары, Astana Hub басшылығы, волонтерлер Мирболатты іздеу үшін Түркияға ұшады. Егер біреуде Мирболат туралы ақпарат болса, бауырына (+7 702 430 2021) хабарласуды өтінеміз”, – дейді Мусин.
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Түркияға көмек бергісі келетіндер қайда хабарласуға болатынын айтты.
«Ол кісілерге айтарымыз: аталған мәселе бойынша Түркияның Қазақстандағы елшілігіне хабарласқан жөн болады. Олар бұл жұмысты ұйымдастырып жатыр», - дейді ол.
Фото: ашық дереккөз