Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Жақында eGov mobile қосымшасында Қазақстанда уақыт ауысу мәселесіне қатысты сауалнама жарияланған еді. Алайда ол сауалнама қазір қосымшадан жоғалып кеткен. Оның орнына “Бұл сауалнама тапсыру мерзімінің аяқталуына байланысты жарияланымнан алынды” деген хабарлама көрсетілуде, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Естеріңізге сала кетейік, 21 қарашада eGov mobile қосымшасында уақыт ауысу тақырыбында сауалнама жарияланып, қазақстандықтарға бірнеше сұраққа жауап беру ұсынылған болатын. Сауалнамада барлығы бес сұрақ қамтылған. Алғашқы үш сұрақта тұрғындардан күннің қай уақытында көбірек жұмыс істейтіні, қалаларда кафе мен фитнес-орталықтардың ерте ашылуы туралы пікірі және күн ішінде қандай нәрсенің жиі жетіспейтіні сұралған. Қалған екі сұрақта азаматтардың бірыңғай уақыт белдеуіне көзқарасы мен қай уақыт белдеуі ыңғайлырақ екені жөнінде пікірлері алынған.