Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Үкімет Жезқазғандағы шаруашылық-ауыз су тазарту қондырғыларын жаңғыртуға 1,8 млрд теңге бөлді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бұл қаржы тәулігіне 124 мың м³ су тазарта алатын мембраналық жабдық орнатып, қолданыстағы жүйені толық жаңарту жобасының екінші кезеңін жүзеге асыруға бағытталады.
Қала ауызсуын Кеңгір су қоймасы қамтамасыз етеді. 1966 жылы іске қосылған тазарту кешенінің жабдықтары мен технологиялары 90 пайызға тозған.
- Бөлінген қаражат 98,6 мың тұрғыны бар Жезқазған қаласының әлеуметтік-экологиялық жағдайын жақсартып, халықтың санитарлық-гигиеналық деңгейін арттыруға сеп болады, – делінген ресми ақпаратта.