Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастыру мақсатында орта білім беру ұйымдары үшін жаңа оқу жылына арналған «Тоғыз ай – тоғыз іс-шара» іс-шаралар жоспарын ұсынды, деп хабарлайды Dauletten.kz Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасай отырып.
«Тоғыз оқу айы ішінде оқушылар тоғыз түрлі іс-шараларға қатысады. Жоспарды іске асыру ағымдағы жылдың наурыз айында оқушылар арасында өткізілген «Күй күмбірі» республикалық домбырашылар челленджінің жалғасы болып табылады. Барлық іс - шаралар ұлттық құндылықтар негізінде тәрбие процесіне бірыңғай көзқарасты қамтамасыз етуге бағытталған», - деп атап өтті Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Мадина Тыныбаева.
Айта кетейік, іс-шаралар келесі тәртіпте өткізіледі:
Қыркүйек – «Сергіту сәті»
Қазан – «Әнұран айту»
Қараша – «Асық ату»
Желтоқсан – «Шығарма жазу: болашаққа хат»
Қаңтар – «Қазақ есебі»
Ақпан – «Оқуға құштар мектеп»
Наурыз – «Домбырашылар»
Сәуір – «Тоғызқұмалақ, шахмат ойыны»
Мамыр – «Жасыл мекен».
фото: baribar.kz