Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
 Ұлттық спорт түрімен айналысатын азаматтардың саны 35%-ға өсті
Жаңалықтар

Ұлттық спорт түрімен айналысатын азаматтардың саны 35%-ға өсті

17.07.2023
1 мин
0
610
Фото: el.kz

Соңғы 3 жылда ұлттық спорт түрлерімен жүйелі түрде айналысатын қазақстандықтардың саны 35%-ға өскен, деп хабарлайды Dauletten.kz Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Егер 2020 жылы 432 мың адам ұлттық спорт түрлерімен айналысса, 2022 жылдың соңында бұл сан 584 мың адамға жетті.

Ең үлкен көрсеткіш Түркістан облысында тіркелді - 28 мың адам. Өңірде барлығы 110 мыңнан астам адам ұлттық спорт түрлерімен айналысады. Бірден бірнеше облыста спортшылар саны 10 мыңға өсті. Бұл Қостанай (13 мыңнан 23 мыңға дейін), Қызылорда (20 мыңнан 30 мыңға дейін), Павлодар (17 мыңнан 27 мыңға дейін), Солтүстік Қазақстан (8 мыңнан 18 мыңға дейін) облыстары және Шымкент қаласы (10 мыңнан 20 мыңға дейін).

Ұлттық спорт түрлерімен айналысатындар саны бойынша көшбасшылардың үштігіне Жамбыл (40 мың адам) және Алматы (39 мың) облыстары кіреді.

Қазақстан ұлттық құрамасында спортшылар саны бойынша Түркістан (74 адам), Жамбыл (52 адам) және Астана қаласы (43 адам) көш бастап тұр.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл