| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында шетел валюталарының бағамы әртүрлі деңгейде қалыптасып отыр, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Елордадағы айырбастау пункттерінде доллардың сатып алу бағасы 470 теңге болса, сату бағасы 476,94 теңгені құрады. Еуро 533 теңгеден қабылданып, 542,95 теңгеден сатылуда. Ал ресей рублінің бағамы 5,70–6,11 теңге аралығында. Қытай юанін айырбастау орындары 68,99 теңгеден сатып алып, 73,43 теңгеден ұсынып жатыр.
Алматыда доллар бағамы сәл жоғары: сатып алу құны 471,79 теңге, ал сату бағасы 474,20 теңге деңгейінде. Еуро 537,85 теңгеден сатып алынып, 543,28 теңгеден сатылуда. Рубль бағамы 5,70 пен 5,83 теңге аралығында болса, юань 69,00–71,07 теңге шамасында саудаланып жатыр.