Brent
WTI
kz
kz ru
Нұр-Сұлтан
Нұр-Сұлтан
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің ұсынысыңыз сәтті жіберілді, Рахмет!
Жаңалықтар
Жаңалықтар

WhatsApp мессенджеріндегі топтан байқатпай шығуға болады

20.05.2022
1 мин
0
2061

WhatsApp мессенджерінде тағы бір функция іске қосылайын деп жатыр. Енді бұл желідегі топтардан басқаларға білдірмей шығып кетуге болады.

WhatsApp-тағы ортақ чаттардың бірінен шығып кетсек, бұл туралы хабарлама басқалардың бәріне көрініп тұрады. Енді компания бұның да бір амалын ойластырды. Жаңа функцияның арқасында енді кеткеніңіз туралы жария қылмай-ақ, ешкімге білдірмей шығып кетуге болады.

Мессенджердің компьютерге арналған 2.2218.1 бета-нұсқасында бұл функция іске қосылып үлгерген. Топтан шыққаны туралы хабарламаны тек чат әкімшілері ғана біледі, – делінген WABetaInfo порталының берген ақпаратында.

WhatsApp мессенджеріндегі бұл жаңа функция қашан қолданысқа енетіні белгісіз. Әуелі жаңа мүмкіндік Android пен iOS базаларында да сынақтан өтуі керек.

Бұған дейін WhatsApp топтағы тіркелушілер санын 256-дан 512-ге дейін көбейту жоспары бар екенін айтқан еді.

0 Пікір
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл