Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстан Республикасы Парламент сенатын «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңын мақұлдап, заң бұзған самокатшылар қалай жазаланатынын айтты, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Айта кетейік, Мәжілістің жалпы отырысында электр көліктерін, яғни самокаттарды пайдалану ережесін бекіту туралы ұсыныс талталған болады.
Енгізілген толытырулар мен өзгерістер бойынша:
Самокат жүргізушісі 18 жасқа толған болуы шарт, сонымен қатар кез келген санаттағы көлікті басқару құқығын беретін жүргізуші куәлігі, түймеленген дулыға, ал тәуліктің қараңғы уақытында үстінде жарық шағылыстыратын зат болуға тиіс.
Электросамокатқа тротуар немесе жаяу жүргіншілер жолымен сағатына 6 км аспайтын жылдамдықпен жүруге рұқсат етіледі.
Заңда шағын электр көлігі мен электросамокат жүргізушілерінің құқықтары мен міндеттері белгіленген.
Ал, ереже бұзылған жағдайда:
«Электросамокат жүргізушілері ереже бұзса, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 593-бабы (жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін сақтамағаны үшін 5 АЕК – 17 250 теңге), жол қозғалысына қатысушыларға қойылатын барлық басқа талаптарды бұзғаны үшін (620-бап –5 АЕК) жазаланады», – дейді Қайсар Сұлтанбаев.