Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 2021 жылы зейнетақы қорындағы жинақтың бір бөлігін пайдалануға беру жайлы толығырақ тоқталды.
Оның сөзіне сәйкес, жинақтан ақша алуға болатын жарнаның жеткіліктілік шегі ер адамдар мен әйелдер үшін бір көрсеткіш белгіленген. Жеткіліктілік шек дегеніміз әр азаматтың жасына сай белгіленген қаражат мөлшері. Аталмыш шекті есептеу 20 жастан басталады.
Алдын ала есептеу бойынша 30 жастағы азаматтың шотында 2 млн 518 мың теңге болуы керек
"59 жастан асқан азамат үшін 5 млн 586 мың теңге керек. Бұл жeткіліктілік шегі, бұдан асқан соманы олар өз қажетіне ала алады", - деді ол.
Министр 721 мың азамат жинақтағы ақшаны ала алатындығын айтты. Біріншіден, oлар еліміздің жұмыс істейтін зейнетақы қорында жарнасы бар азаматтар. Екіншіден, зейнeт жасына таяған қазақстандықтар ақшаның 50 пайызын пайдалануға ала алады. Бұл санаттағы қазақстандықтардың саны 178 мыңнан асады. Үшіншіден, сақтандыру компаниясымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан 13 300 қазақстандық.
Тағы көру