Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Бүгіннен бастап азаматтар зейнетақы қорындағы жинақтың бір бөлігін емделуге алу үшін өтінім бере алады.
Өтінімдер 25 ақпаннан бастап www.enpf-otbasy.kz онлайн платформасы арқылы қабылданады.
Азаматтар жинақтағы соманы емделу шығындарын төлеуге қолдану үшін «ЖССБ24» қосымшасы арқылы арнайы шот ашуы қажет. Емделу мақсатын таңдап, ЭЦҚ-мен қол қою арқылы өтініш жолдауға болады.
Сондай-ақ, "Отбасы банк" басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова қазақстандықтар зейнетақы жинағының бір бөлігін жақын туыстарына да бере алатынын айтты.
Емделуге берілетін қаражатты пайдалануға бағытталған медициналық қызметтер тізімі:
1. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 177-бабының 3-тармағына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тізбесі бойынша орфандық ауруларды емдеу, оларды дәрілік қамтамасыз ету, сондай-ақ емдеу тактикасын айқындау үшін диагностикалық зерттеулер;
2. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан медициналық ұйымдарда көрсетілетін стоматологиялық қызметтер (тістерді протездеу, импланттау);
3. Операциядан кейінгі тыртықтар мен туа біткен ақауларды, сондай-ақ жүргізілген мастэктомиядан кейінгі түзету мақсатында реконструктивтік және қалпына келтіру операциялары (пластикалық);
4. Радионуклидтік және радиойодтерапия;
5. Радиохирургиялық емдеу (гамма-пышақ, киберпышақ);
6. Протон терапиясы;
7. Офтальмологиялық қызметтер.
Еске сала кетейік, 23 қаңтардан бастап елімізде зейнетақы жинағын пайдалануға арналған еnpf-otbasy.kz сайты іске қосылды. 25 ақпанға дейін қаражаттың бір бөлігін тек тұрғын үй жағдайын жақсартуға жұмсауға немесе оны жеке басқаруға беруге болатын.