Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Зейнетақы жинағының бір бөлігін емделу мақсатында алу үшін 25 ақпанда портал ашылады. Бұл туралы "Отбасы банкі" басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова айтты.
Оның айтуынша, бағдарламаға соңғы өзгерістерді енгізу үшін қосымша үш жұмыс күні керек. Қазіргі кезде портал бойынша жұмыстар іске асырылып жатыр. Өтінім беру бірнеше кезеңнен тұратын болады. Азаматтар өтінімді "Отбасы банкі" порталынан БЖЗҚ сайтына жіберіліуін екі күндей күтеді. Кор бес күн ішінде ақшаны арнайы есепшотқа аударады.
19 ақпандағы жағдай бойынша азаматтардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға жалпы сомасы шамамен 522,3 млрд теңге болатын 97 814 өтініш орындалған.
"Бағдарламаны іске асыру үшін дәрігерлер кеңесі құрылады. Олар өтініштерді қарастырып, шешім қабылдайды. Комиссия қорытындысы порталда клиент берген өтініш жанында бекітіледі", –деді ол.
Емделуге бағытталған БЖЗҚ-дан ақша алуға өтініш беру механизмі баспана жағдайын жақсартуға берген өтінішпен бірдей болады.
Тағы көру