Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі зейнетақы төлемдерін пайдалануға қатысты бұйрыққа қол қойды.
"Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген бұйрыққа қол қойды", - делінген ведомстов хабарламасында.
Жаңа нормаларға сәйкес енді мынандай мүмкіндіктерді пайдалануға болады:
Бұл ретте тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы салымды кепіл ретінде беруге болмайды.
Жеткілікті меженің көтерілуі
Естеріңізге сала кетейік, 3 желтоқсанда Қазақстанда 2022 жылы зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу үшін жеткілікті шегінің көрсеткіштері күрт өсетіні хабарланды.
Зейнетақы жинақтарын пайдалану үшін жеткілікті шегі 21 жаста – 3,2 млн теңге, 22 жаста – 3,3 млн теңге, 30 жаста – 4,4 млн теңге, 40 жаста – 5,8 млн теңге, 50 жаста – 7,4 млн теңге болуы қажет.
БЖЗҚ ең төменгі жеткілікті шегінің сомасы әрбір жас үшін есептелетінін және болашақ зейнетақы төлемдері мен зейнетақы жарналарының артуы ескерілгенін хабарлады.
Бұл қоғам тарапынан наразылық туындатып, ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақы жинағының шекті межесін көтеру мерзімін 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін ұзартуды тапсырды.
Тағы көру