Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Зейнетақы жинағынан инвестициялық табыс табу жолы қандай?
Қаржылық сауат

Зейнетақы жинағынан инвестициялық табыс табу жолы қандай?

05.10.2020
1 мин
32
10519

2021 жылдан елімізде зейнетақы жинағы бар мыңдаған адам жинағының белгілі мөлшерін тұрғын үй алу мен емделуге жұмсауға, сондай-ақ сенімгерлік басқаруға беруге құқылы болады. Яғни қаражатын құнды қағаздарға салуға мүмкіндік алады. Осы процестің қалай жүзеге асатынына тоқталып өтейік.

Қазір бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры – Ұлттық банк қарамағында. Бұл дегеніміз зейнетақы салымдарын мемлекет басқарып отыр. Оның басты міндеті – БЖЗҚ-дағы салымдарды инфляция салдарынан қорғау. Яғни сенімгерлік басқарудағыдай жинақтағы қаражат құнды қағаздарға салынып, инфляция кесірінен болған шығын көлемін жауып отырады. Сондықтан да зейнетақы жинағындағы қаржы құнсызданбайды. Алайда қаржыгерлердің кейбірі бұл жүйеге өзгеріс керек деп есептейді. Өйткені инфляция қазақстандықтардың зейнетақы жинағына айтарлықтай кері әсер етіп жатыр. Қордағы қаражатты арттыру мақсатында облигацияларға салынған ақшадан түсетін табыс инфляциядан аспайды дейді қаржы мамандары. Себебі пандемияға дейін 6-7 процент болған инфляция деңгейі коронавирустан соң 10-12 процентке жеткен. Бұл жағдайда ақшаны құнды қағаздарға салу тиімсіз болып есептеледі.   

Жинақтағы ақшаны сенімгерлік басқаруға беру қалай жүзеге асады?

Бүгінгі таңда қор салымшыларының жинағын сенімгерлік басқаруға берудің қабылданған механизмі жоқ. Бірақ қаржыгер Расул Рысмамбетовтың айтуынша, жаңа жылдан салымдардың белгілі бөлігін сенімгерлік басқаруға берген жағдайда, қаражат тиісті компанияларға аударылып отырады. Қаржыгер зейнетақы қорындағы ақшаның бір бөлігін мемлекет тарапынан мақұлданған брокерлерге басқаруға рұқсат берілгенмен, ақшаның қолма-қол берілмейтіні анық екенін алға тартады.

Сондай-ақ маман Қазақстандағы брокерлерге ақшаны өзге елдің нарығына шығаруда шектеулер барын айтады. Сол себепті құнды қағаздар таңдауы үлкен болмайтын сияқты. Сенімгерлік басқаруды қолданатындар шетелдегі қор нарықтарын таңдаған жағдайда, зейнетақы жинағын сыртқа шығармау мақсатында да шектеулер енгізілуі мүмкін деп болжануда.        

Қаржыны қайда құю керек?

Құнды қағаздар қай салада жақсы өсетінін болжау қиын. Мысалы, індет уақытында ақпараттық технологиялар мен фармацевтика компанияларының бағалы қағаздары құнды болған көрінеді. Дегенмен қаржы мамандары инвестицияның басты екі заңдылығына сүйенген жөн екенін айтады. Олар:

  • құнды қағаздарды әртараптандыру;
  • қаржыны өзіңді қызықтыратын салаға құю.

Айта кету керек, БЖЗҚ-ның 2020 жылдың 1 қыркүйегіндегі мәліметіне сәйкес, қазақстандықтар зейнетақысының жалпы жинағы 11 триллион 942 миллиард 813 миллион теңгеге жеткен.

Жансая ҚАМБАР

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
32 Пікір
М
Мурат 30.12.2020
Мен 2 Айдан кейин зейнетке шыгам.Менде зейнет корымда 1000000 т бар.Ал инвестиций пайызы 500000 т.Екеуи косып аламба??
Жауап беру
Б
Бауыржан 01.11.2020
МАҒАН өзімнің жинаған зейнет ақым беріледі ғой ақшалай, Өйткені кредитіді төлеуге
Жауап беру
А
Асель 14.10.2020
Менин пенсионкамда 500 мын тенгем бар коп балалымын жасым 32де ала аламынба
Жауап беру
Г
Гулмира 09.10.2020
менің пенсионкамда 1миллион 900000 мың теңгем бар жасым 35 те ала аламын ба?
Жауап беру
А
Аскери кызметкерлердин жинагы ше зейнетакы корындагы жоккой алып койган барин 08.10.2020
Олар зейнетке шыкканда не боладф
Жауап беру
Қ
Құралай 06.10.2020
Мен мұғаліммін. Жасым 37-де зейнетақы қорымда 1881280,21теңгем бар.мен ала алам ба? Жасымда баспанам жоқ. Көп балалы анамын..
Жауап беру
А
Айгул 06.10.2020
Жок
Жауап беру
К
Кундыз 05.10.2020
сеинет акы корымда 900.000болган март айында соткадагы приложения истеми калды.енди ашсам 700.000гане капты.кимге хабарласам болат.туган апекемде 1 200 000бопты 900.000гане тур деит.шок боп отырмыз
Жауап беру
Л
Лаура 05.10.2020
Менің күйеуімеде зеинет ақы қорында екі миллион алты жүз мың бар соның қайд
Жауап беру
Г
Гаухар 05.10.2020
Мен жолдасынын зеинет акысына кызыма баспана алып бере аламыз ба
Жауап беру
Г
Гуфи 05.10.2020
Корда канша акша болган жагдайда кандай пайызын ала аламыз?
Жауап беру
А
Асел 05.10.2020
Саламатсызба,сонда зинетакы корында 500мынга житпейтиндер,акша алалмайма
Жауап беру
Т
Тамара 05.10.2020
Саламатсызба Үй алу үшін зейнет ақы жинағым қанша болу керек?
Жауап беру
Э
Эльмира 05.10.2020
Құрлысқа алуға болама
Жауап беру
Г
Гулжазира 05.10.2020
Куиеуимнин зеинет акысы 3милон жакын уи алаламызба каганын толеп отырамыз
Жауап беру
А
Айнур 05.10.2020
Салеметсизбе? Зейнетақы жинағы қанша болғанда ала алады
Жауап беру
М
Меруерт 05.10.2020
Уй алғың келсе қанша суммаға дейін береді?ЖССБ-ка аударама?
Жауап беру
С
Сарбиназ 05.10.2020
Мысалға менің зейнетақыр қорымда 1 млн жетпейді.Мен соны ала аламба?
Жауап беру
Б
Бекзат 05.10.2020
Жоқ
Жауап беру
Н
Нуржамал 05.10.2020
Зейнетакымды қалай тексеретін?
Жауап беру
Б
Байдаулет 05.10.2020
ЖССБ га аударуга болады ма?Болса жолдары калай?
Жауап беру
Г
Гульжаухар 05.10.2020
Мен 5 баламен зейнетке шыктым пәтерде айына 50 мын төлеп тұрамын баспанам жок зейнетакы жинагында 1400000 ақшам бар калай аламын.
Жауап беру
Г
Гульназ 05.10.2020
Қордағы ақшаны ЖССБ ға аударуға бола ма?
Жауап беру
Б
Бекзат 05.10.2020
Қорда қалу керек ақшаның үстіндегі артық ақшаны аудара аласыз
Жауап беру
Г
Гүлзира 05.10.2020
Құнды қағаз туралы кеңірек айтсааңыз дұрыс болар еді.
Жауап беру
А
Айнур 04.10.2020
10жыл.болды жумыс жасананыма 60000айлыкпен .калай алуга болады .песионкамда азгантай.акшамыз тамагымызда артылмайды .нестеуге болады
Жауап беру
М
Мира 04.10.2020
Зейнетақы қорын үй алу үшін пайдалануға бола ма? 21жылдың қай айынан бастайды?
Жауап беру
Г
Гулжайна 04.10.2020
Фонтаны ақшамыз ды кредитке аударса жақсы болар еди.үй салуға алып едик айлыктын бари кредитке кетеди. тамаққа ақша артылмайды.бари қымбат. Шаршап кеттим.
Жауап беру
2
2012 январь іске қосылады 04.10.2020
Жоба
Жауап беру
Т
Турсынкуль 04.10.2020
ЖЗҚ ақшамыздың тең жартысын озімізге кайтарса екен,казір қиын барлығы кымбат,кредитіміз бар мысалы соган аударсын.
Жауап беру
А
Айна 04.10.2020
Зейнетакыны депозитке салуга боламс
Жауап беру
Н
Нұрай 04.10.2020
Зейнетақыны депозит сияқты қылып, үстіндегі процентін алып отыратындай ету керек...
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл