| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Жамбыл облысының тұрғыны марихуана жинап жүрген жерінен ұсталды. 15 келі марихуана тәркіленді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Жамбыл облысының тұрғынынан 15 келіден астам марихуана тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері Тасөткел ауылынан 8 километр жерден Шу ауданының тұрғынын есірткі өсімдігін жинау кезінде ұстады.
- Тергеу барысында ер адамның жанынан орақ және алдын ала жинап қойған 15 келіден астам марихуана анықталды. Аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, - делінген ресми хабарламада.
Жалпы, 11 айда есірткіге қатысты 500 құқық бұзушылық анықталып, заңсыз айналымнан 9,2 тоннадан астам түрлі есірткі, оның ішінде 9 келі синтетикалық есірткі тәркіленді.
Республиканың басқа аймақтарына жіберілмек болған 18 есірткі каналының жолы кесілді. 2 қылмыстық топ анықталып, бір есірткі зертханасы жойылды.