Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жамбылдық жастарға жеңілдетілген баспана несиесі беріледі
Жаңалықтар

Жамбылдық жастарға жеңілдетілген баспана несиесі беріледі

13.05.2022
1 мин
3
1559

Биыл «Әулиеата жастары» өңірлік бағдарламасы аясында аймақтағы жастарға жеңілдетілген баспана несиесі беріле бастайды. Алайда оның өзіндік талаптары болады.

Жамбыл облысы әкімдігінде өткен кеңесте жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Серікбол Берікқожа аталған өңірлік бағдарламасының орындалу барысы туралы баяндады.

Бағдарлама шеңберінде облыста жаңа бастама ретінде Жамбыл облысының жастарына жеңілдікпен несие беру жобасы осы жылдың шілде айында іске аса бастайды деп жоспарлануда. Жоба өңір жастарын қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуге және жас отбасыларға қолдау көрсету мақсатында дайындалған.

«Бұған дейін облыста жастар мен жас отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған арнайы бағдарлама болмаған», деді С. Берікқожа.

Жалпы облыста тұрғын үй алуға кезекте - 7 140, жер телімін алуға кезекте тұрған 10 787 жас бар.

Аталған жоба аясында жастарға берілетін қарыздың ең жоғары сомасы – 13 млн теңгеге дейін. Несие беру уақыты - 19 жыл. Пайыздық мөлшерлеме - 5%, бастапқы жарна - 5%.

Бағдарламаға 35 жасқа дейінгі ҚР азаматы және негізгі қатысушы ретінде тек ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады.

Басқарма басшысы жобаға кезекте тұрған мемлекеттік, бюджеттік қызметкерлер қатыса алмайтынын, негізінен басқа ипотекалық бағдарламарда қамтылған санаттарға жатпайтын, бірақ төлем қабілеті бар жастарға басымдық беріліп отырғанын жеткізді.

Облыс әкімі бағдарламаның кей тетіктерін заңдық тұрғыда қайта қараудын маңыздылығын атап өтті.

«Бағдарламаның мақсаты жақсы. Бізге керек жоба. Дегенмен, ертең жастар немесе қатысуға ниеттілердің арасында түсініспестік туындамас үшін, жан-жақты саралап, шешім қабылдауға тиіспіз. Түсіндіру, ақпараттық жұмыстарды барынша жүргізу маңызды», - деген облыс әкімі Нұржан Нұржігітов жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
3 Пікір
Б
Бекарыс 13.05.2022
Оте жаксы
Жауап беру
Қ
Қымбат 13.05.2022
Дұрыс болар еді мен өзім 28жастам 4 балам бар жолдасым 29да бізде алгымыз келет бирак баска програмалардын процентті коп и айдык корсеткіш деп ойдан курап алган айлык сурайт Таразда айлык 150мын болса кушті гой айлыгы жаксы екен дейд ал 1адамга ен томенгі кун корис 33/36мын дай сонда мен декреттем жолдасым таксовайтетет сонынкін есептесек 80/90мын оны 6 га болсек жетпейт кешіріңіз сіздің айлык кун кориске жетпейт ай сайын бизге калай акша куйасыз деп шыгарып салат
Жауап беру
Б
Ботагоз 13.05.2022
Кайда хабарласак болад
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл