Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
2025 жылдан бастап онлайн несие берудің талаптары күшейеді. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов айтты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Депутаттар Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовке қарыз алушыларды алаяқтардан қорғау үшін қауіпсіздікті күшейтуді сұраған еді. Ұлттық банк төрағасы бұған қалай жауап қайтарды?
Сүлейменовтің сөзінше, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап онлайн микроқарыздарды ресімдеу кезінде биометриялық сәйкестендіруді, сол сияқты электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) да міндетті бір мезгілде қолдану енгізіледі. Сондай-ақ МҚҰ үшін клиент ақша аударғанға дейін оған банк шотының немесе төлем картасының тиесілігін сәйкестендіру талап етіледі.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі онлайн несие рәсімдеуде қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында мынадай қорғаныс әдістерін ұсынады:
Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ);
Биометриялық сәйкестендіру;
Мобильдік құрылғы нөмірін SMS арқылы тексеру;
Пароль арқылы қорғау.
Агенттік банктер мен микроқаржы ұйымдарына қауіпсіздік үшін биометрия және ЭЦҚ-ны қоса алғанда, кем дегенде екі тексеру әдісін қолдануды міндеттейді. Сонымен қатар төлемдер мен аударымдар барысында банктер клиенттің мобильді нөміріне растау кодын жіберіп, қосымша тексеріс жүргізеді.
2025 жылы енгізілетін жаңа талаптар онлайн несие рәсімдеу процесін қауіпсіз етіп, қарыз алушыларды алаяқтықтан қорғауға көмектеседі. Биометрия, ЭЦҚ және қосымша тексеру әдістерінің енгізілуі жеке деректердің сақталуын қамтамасыз етіп, қаржылық қызметтерді сенімдірек етеді.