| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Жаңаөзенде 44 жастағы әйел қаза тапты. Қайғылы оқиға салдарынан бес кәмелет жасқа толмаған бала жетім қалды. Қылмыс жасаған күдікпен марқұмның күйеуі ұсталды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
29 қаңтар күні Жаңаөзен қаласында жеті баланың анасы қаза тапты. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, әйелді пышақтаған күдікті – оның күйеуі. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Алдын ала ақпаратқа қарағанда, отбасының ішінде тұрмыстық жанжал туындап, жағдай трагедиямен аяқталған. Балалардың бесеуі әлі кәмелет жасына толмаған.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 2-бөлігі («Адам өлтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу органдары оқиғаның барлық мән-жайын толық анықтау мақсатында жұмыс жүргізуде.