Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жанға сыйла жылулық
Жаңалықтар

Жанға сыйла жылулық

14.09.2022
1 мин
0
2650

"Медицина Жастары" РҚБ 2021 жылдан бастап "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ қолдауымен Денсаулық сақтау саласына волонтерлерді тарту, науқастарды күтуге, оның ішінде хоспистерде, онкологиялық диспансерлерде және т. б. көмек көрсету бойынша "Birgemiz: Saýlyq" жалпыұлттық жобасын іске асыруда. Жоба бенефициарларына көмек көрсету бойынша жұмыс ұйымдастырылған өңірлік медициналық еріктілер қызметі құрылды. Ел өңірлерінде ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қолдау бойынша "Жанға сыйла жылулық" тақырыбында акция өткізілді. Акция аясында 57 іс-шара өткізілді, қатысушылардың жалпы саны 5054 адамды құрады. Еріктілер жалпы күтімге, емдеу процедураларын алуға, дәрігерді шақыруға, тамақтандыруға, құжаттарды ресімдеуге және т.б. көмек көрсетті. 2021 жылы алғаш рет қаражат жинау үшін краундфандинг әдісі қолданылды, оның нәтижелері бойынша 1 034 000 теңге сомасына 30 демеушіден қайырмалдықтар қабылданды.

Қазіргі уақытта "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ институционалдық тәсілінің арқасында "Birgemiz: Saýlyq" жобасы 2022 – 2024 жылдарға жалғасын тапты. Бұл жаңашылдық тұжырымдамалық және стратегиялық жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді. 2022 жылдың алғашқы жарты жылдығында "Медицина жастары" РҚБ жобаны іске асыру шеңберінде бүкіл ел бойынша 380 жаңа волонтер-медиктерді тартты, ТМД елдерінен Денсаулық сақтау саласындағы сарапшыларды тарта отырып,"Волонтер - медиктер мектебінің " қызметі жалғасуда, өңірлік емдеу мекемелерімен ынтымақтастық жолға қойылуда – профилактикалық мекемелер мен ірі үкіметтік емес ұйымдар, жобаның волонтер-дәрігерлері медициналық ұйымдарда дәрігерлерге, науқастарға күтім жасау жөніндегі орта медициналық персоналға волонтерлік көмек көрсетеді, қазірдің өзінде 102 науқас көмек алды, азаматтарға белсенді құқықтық және әлеуметтік қолдау жүргізілуде.

Өңірлік қамтуды қамтамасыз ету және Жастар бастамаларын іске асыруға көмек көрсету үшін жалпы сомасы 9 000 000 теңгеге 30 шағын грант бөлінді.  Қазақстанның барлық өңірлерінен 103 өтінім түсті, олардың ішінде тәуелсіз сарапшылардың шешімі бойынша 30  жеңімпаздар іріктелді. Жеңімпаз өтінімдер арасында 8 жобаны ұта отырып Шығыс Қазақстан облысы көш бастап отыр.

Марина Лутошкина  Ақмола облысында жастар арасында донорлық волонтерлікті дамыту және дені сау қан донорының санын арттыру мақсатында «Группа крови» жобасын бастады.

«Бір жыл бұрын менің анам ауырып қалды, содан кейін біз жұбайымыз екеуіміз қан тапсыра бастадық. Сол кезде осы тақырыптың төңірегінде көптеген мифтер бар екенін анықтадық, адамдардың бұл өте зиянды, қорқынышты, ауыр деп ойлайтынын түсіндік. Содан кейін жастарға донор болудын қалай болатыны туралы айту идеясы пайда болды. Байқау өткізілетінін көріп, өз күштерімізді сынап көруді шештік. Біз адамдар тұрақты түрде қан тапсырғанын қалаймыз, жақын адамына қан тапсыру керек кезде ғана емес. Біздің жобамыз қала тұрғындарына әсер етіп, Облыстық қан орталығына тапсырылады деп үміттенеміз», - деді жоба менеджері.

Солтүстік Қазақстан облысында «Jas Ana» жобасын декреттегі Эльвира Танакулова шағын грантты ұтып алды.

«Жақында мен өзім ана атандым, балам үшін көп алаңдай беретін жағдайға тап болдым. Балананаң неонатальды кезеңде болуы мүмкін процестерді және барлық қалыпты физиологиялық жағдайларды білсемде уайымдауды доғара алмадым. Педиатр мамандығыммен мен осылай уайымдайтын болсам, басқа жас аналар қалай бұл қорқынышпен күреседі екен деген сұрақ пайда болды менде. Декретте бос уақытымды  ысырап етпей, қоғамға өз пайдамды тигіземін деп шештім. @qazmed_jastary парақшасында гранттар таратылып жатқанын көріп, бағымды сынап көрдім», -деді жоба жетекшісі.

Ал Қостанай облысынан «Петельки добра» жобасын женіп алған Баранкова Ирина шала туған нәрестелерге 100 пайыз жүннен киім кешек және ойыншықтар тоқып беретін болады.

«Біз жобаны бастадық, жартысынан көбі тоқылды. 35 комплект, ойышықтар тоқылып перинаталдық орталыққа өткізілетін болады. Қазір балалар үйіне арнап саусақ қуыршақ театры мен көкөністер тоқылуда», - деді жоба жетекшісі.

Бүгінгі таңда еліміздің барлық өңірлерінде  шағын грант  жобалары іске асырылуда. Жобалардың бағыты денсаулық саласына, салауатты өмір салтына, халықтың медициналық сауатын арттыруға және т.б. негізделген.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл