Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ғалымдар жарқанаттардан жаңа қауіпті вирус тапты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
The Telegraph басылымына cүйенсек, ғалымдар Аустралияда мекендейтін үлкен жарқанаттардан жаңа патоген тапты.
Аустралиялық маман Дженнифер Баррдың айтуынша, Salt Gully деп аталған вирус 2011 жылға жататын жарқанат зәрінің үлгілерінен анықталған.
"Бұл оның табиғатта он жылдан аса уақыт бойы айналымда жүргенін көрсетеді. Қазір бұл вирус жануарлар мен адамдарда ауру туғызатынына еш дәлел жоқ", – деді Барр.
Патоген Nipah және Hendra вирустарына жақын туыс болып саналады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) бұл екі вирусты "басымдық берілген патогендер" қатарына жатқызады.
Сонымен қатар ғалымдар әзірге жаңа вирустың адамға жұғатынына ешқандай белгі жоқ екенін мәлімдеді.
"Salt Gully – жарқанаттардың көптеген белгісіз вирустың тасымалдаушысы екенін дәлелдейтін тағы бір мысал", – деді профессор Линьфа Ван.
Оның айтуынша, қазіргі деректер жаңа вирустың адамдарға қауіптілігі төмен екенін көрсетеді. Ғалымдар жаңа патоген бойынша қосымша зерттеулер қажет екенін айтады.
"Сондықтан бұл вирус болашақта адамдар мен жануарларда аурудың таралуына себеп бола ма, жоқ па, оны нақты айта алмаймыз", – деді Дженнифер Барр.
Баррдың айтуынша, енді мамандар вирусқа ерте кезеңде диагноз қоюға және оның таралуын тоқтатуға мүмкіндік беретін тестілер әзірлей алады.