Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жас отбасыларға баспана алу үшін жаңа бағдарлама іске қосылды
Жаңалықтар

Жас отбасыларға баспана алу үшін жаңа бағдарлама іске қосылды

03.08.2020
1 мин
16
3875

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде баспанаға қатысты бағдарларламалар жайлы «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова PrimeMinister.kz-ке берген сұхбатында айтты.

Сұхбат барысында Ләззат Ибрагимова 1 шілдеде ашылған «Жас отбасы» бағдарламасы жайлы толығырақ тоқталды.
«Шаңырақ құрғанына 3 жыл толмаған жас отбасылар депозит ашып, бірден тұрғын үй құнының жартысын, яғни 50%-ын сала алады. Бұл жағдайда ипотека төмендетілген мөлшерлемемен ресімделеді. Бізде негізінен 8,5%, ал жас отбасылар үшін арнайы 6% мөлшерлемені белгіледік. Сұраныс өте жоғары, бір айда 1,5 мыңға жуық депозит ашылды», - деді Л.Ибрагимова. Оның айтуынша, қазір жас отбасының жылын 3 жастан 5 жасқа дейін арттыру мәселесі қарастырылып жатыр.

«Қазір көптеген отбасылар: «Неге 3 жыл? 5 жыл уақыт та жас отбасы үшін ұзақ уақыт емес. Бізді де қолдаңыздар» деп жазып жатыр. Біз бұл ұсыныстарды қарастырамыз. Сондықтан біз үшін Отбасы банк трансформациясы тек қағаз жүзінде ғана емес, іс жүзінде орындалғаны өте маңызды. Біз отбасылар үшін мамандыққа, әлеуметтік мәртебеге қарамастан, тең қолжетімді болғанын қалаймыз», - деді ол.

Табысы төмен әр отбасы төмен мөлшерлемемен баспана алуға мүмкіндігі болуы керек.

«Біз жыл соңына дейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірге Үкіметтің қолдауымен заңнамалық бастамалардың үлкен топтамасын іске асырып, қоғамға түсіндіретін боламыз, содан кейін толық дайын болғанда және Отбасы банкінің аталған жоғары статусына сай болған сәтте біз қайта атау процесін қолға аламыз», - деп атап өтті Л.Ибрагимова.

Жылжымайтын мүлік нарығына келер болсақ, бұл қоғамда көп талқыланып жатқан өзекті мәселе.

«Карантиннен кейін біз барлық ипотекаға деген сұраныстың артқанын байқадық. Маусым айында біз 5 мыңнан астам қарыз бердік. Бұл наурыз, сәуір және мамырдан бастап кейінге қалдырылған сұраныс. Шілде айында да сұраныс аса жоғары болды. Біз сондай-ақ «Бақытты отбасы», «Әскери баспана» бағдарламаларын іске асырып жатырмыз, «5-10-20» өтінімдерін қарауды толықтай тамыз айынан бастаймыз. Айта кетерлігі, элиталық тұрғын үй нарығында бағаның төмендеуі байқалады, өйткені өте үлкен қымбат пәтерлерге деген сұраныс төмен. Менің ойымша, қайталама тұрғын үй нарығында баға төмендеуі мүмкін, өйткені онда бәрі сату жылдамдығына байланысты, яғни егер сіз қымбат бағаға сатқыңыз келсе, онда сіз ұзақ уақыт жүріп қаласыз», - деп түсіндірді Л.Ибрагимова.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда Қазақстанда жылжымайтын мүлік бағасының өсуіне ықпал ететін ешқандай фактор жоқ. Сонымен қатар ұзақ мерзімді перспективада сұраныс жоғары болады, өйткені жастар саны өсуде.
 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
16 Пікір
Б
Ботагоз Боранбай 14.03.2022
Жас отбасымыз жолдасым гана жумыс истейди озим уйдемин еки баламен кВ кредит продуктов калай патер алуга мумкиндигимиз барма комектесесиздерме 8747 290 48 95
Жауап беру
Б
Ботагоз Боранбай 14.03.2022
Жас отбасымыз жолдасым гана жумыс истейди озим уйдемин еки баламен кВ кредит продуктов калай патер алуга мумкиндигимиз барма комектесесиздерме 8747 290 48 95
Жауап беру
К
Камшат 04.08.2020
Жалгыз басты анага кандай женилдиктер бар уй алу ушин
Жауап беру
М
Меруерт 04.08.2020
Саламатсизба бахытты отбасы багдарлама кашан бастайды кайсы айдан дакуент жыйнайды отиниш айтып жибересизбакашан бастайды
Жауап беру
Е
Ергалиева Бибигуль 04.08.2020
Мен коп балалы анамын мен де уйде кезекте турмын казирги жагдайым уйм жок 4баламмен уй жалдап журмиз калаи уй алуыма болад жолдасым жумыста кредитимиз бар калаи комектесе аласыздар отинищ 87782975723 осы номер
Жауап беру
Т
Тарбия 04.08.2020
Сәлеметсізба менің сұрағым депозит қанша теңге жинау 2 комната уй алу ушин? Кредит история карайма?
Жауап беру
А
Айнур 03.08.2020
Первоначальный толемей ай сайын толейтин кылып берсе боладыгой сонда барлык жастар баспаналы болар еди
Жауап беру
Г
Гаухар 04.08.2020
Оте орынды айттыныз...патерге берген акшаны оз уйимизге толеп отырар едик...ари уйли болып калар еди канша адамдар патер жагалап журмес еди.отиниш осы жолды да карастырса екен...патер жалдаушылар азайып,бари уйли болып калар еди.первоначальный ешким куя алмайдыгой...тек ай сайын толеп туратындай жолы карастырылса екен....акыры неше жылдан бери сол акшаны жалдаган патерге де берип отырмыз....отинемиз осы жолдарда карастырылсыншы!!!!
Жауап беру
Б
Бибигуль 04.08.2020
Айнур дурыс аитасыз баспанасыз журген каншама жас отбасылар бар очередтерин кутип журген
Жауап беру
Б
Базаргул 03.08.2020
Әскери баспана калай болады военыйда жумыс жасайтын едим
Жауап беру
А
Айгерим 03.08.2020
Атырау каласына Бакытты отбасы программасы кашан басталады екен.
Жауап беру
Н
Нұрдана 03.08.2020
Мен жалғызбасты анамын. Жалғыз басты аналарға байланысты қандай бағдарламалар бар
Жауап беру
Н
Назерке 03.08.2020
Бақытты отбасы бар ғой жалғызбасты аналарға
Жауап беру
5
5-10-20 03.08.2020
Багдарламасына кашан отиниш береди
Жауап беру
A
Admin 03.08.2020
Тамыз айында
Жауап беру
А
Арайлым 03.08.2020
Бақытты отбасы қашан басталады. Қызым ДЦП спастический тетрапарез последствие ОНМК Микроцефалия. Қызымның артынан үйге кезекке тұрған едік
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл