Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Шымкент қаласында жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін баспанаға өтінім беру басталады. Бұл туралы Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасы хабарлады. Құжаттарды қабылдау 25-27 қаңтар аралығында жүреді.
Шымкент жастары shymkent-baspana.kz сайтына электронды нұсқада құжаттарды жолдап, өтінім бере алады.
Бағдарламаға жұмыс істейтін және 29 жасқа толмаған жастар қатыса алады. Өтінім беруші Шымкент қаласында соңғы екі жылда тұрақты тіркеуде болуы керек. Жастарға пәтерлер сатып алу құқығынсыз 5 жылға жалға беріледі.
Құжаттар тізімі:
1) Ережедегі қосымшаға сәйкес форма бойынша өтініш;
2) берушінің және ерлі-зайыптылардың (бар болса) жеке басын куәландыратын сканерленген құжат;
3) білім туралы сканерленген құжаты;
4) неке қию туралы сканерленген куәлік;
5) балалардың сканерленген туу туралы куәлігі;
6) Қазақстан Республикасы бойынша өтініш берушіге және отбасының барлық мүшелеріне жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама;
7) жұмыс орнынан анықтама сканерленген, сондай-ақ, жеке кәсіпкерлік жүргізген жағдайда жеке кәсіпкерліктің тіркелуі туралы куәлік;
8) өтініш берушінің ай сайынғы табысын кемінде 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде растайтын соңғы алты ай ішіндегі табысы туралы сканерленген анықтамасы;
9) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек өтілін растайтын сканерленген құжаттары;
10) екінші деңгейлі банктердің жинақ шоттарындағы (депозиттеріндегі) жинақтардың болуы және нөмірі туралы анықтама және банктік шот бойынша ақшаның қалдығы және қозғалысы туралы сканерленген үзінді;
11) өтініш берушінің түрлі қызмет салаларындағы жеке жетістіктерін растайтын сканерленген құжаттары (кәсіби саладағы жетістіктер ескерілуі қажет. Мысалы, дипломдар, марапаттар және басшылықтың алғыс хаттары).
Тағы көру