Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жаз бойы 5 мыңнан астам жасөспірім ресми жұмысқа орналасты
Жаңалықтар

Жаз бойы 5 мыңнан астам жасөспірім ресми жұмысқа орналасты

04.09.2025
1 мин
0
208
Сурет: ашық дереккөз

Жазғы демалыс кезінде Қазақстанда 5,4 мыңнан астам жасөспірім ресми түрде еңбекке араласты. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

2025 жылдың мамыр айында Enbek.kz электронды еңбек биржасында "Менің жазғы каникулым" атты арнайы бөлім іске қосылған болатын. Оның арқасында 14 пен 18 жас аралығындағы жасөспірімдер ресми жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болды.

Нәтижелер:

•    16–18 жас аралығындағы жастардан – 13,6 мың түйіндеме түсті;

•    14–15 жастағы жасөспірімдердің ата-аналары – 356 жеке кабинет ашты;

•    олардың ішінде 112 ата-ана 129 түйіндеме жариялады.

ҚР Еңбек кодексіне сәйкес, 14 жастан бастап жасөспірімдерге тек денсаулыққа зиян келтірмейтін және оқуға кедергі жасамайтын, сабақтан тыс уақытта орындалатын жұмыстарға рұқсат етіледі.

Қазіргі таңда жасөспірімдерге шамамен 80 мамандық қолжетімді. Олардың қатарында тәрбиешінің көмекшісі, дүкен сатушысы, тазалаушы-жуушы, курьер, SMM-менеджер және басқа да қызметтер бар.

1 қыркүйектегі мәлімет бойынша, "Менің жазғы каникулым" бөлімінде 305 жұмыс беруші тарапынан 2,1 мың бос жұмыс орны  ұсынылған. Бұл жүйе алдағы уақытта да қолжетімді болып қала береді. Жұмыс берушілер бос жұмыс орнын жариялау кезінде тиісті белгіні қоюы жеткілікті.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл