Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Үкімет үйіндегі брифингте халықты жеңілдетілген автонесиелеу жұмыстары қашан басталатыны айтылды.
«Автонесие шарттары бекітілді. Тек бекітілгеннен кейін заң бойынша 10 күн тіркеуден өтуі керек. Біздің құжаттар толығымен 15 сәуірде бекітілген, тиісінше Экология министрлігі де құжаттарды 24 сәуірде бекітті. Бірақ тіркеуден өту секілді рәсімдер шамамен 10 күнге созылады», - деді ҚР Инвестициялар және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.
Министрдің айтуынша, 6 мамырға дейін қаражат Өнеркәсіпті дамыту қорына аударылады.
«Бұл - «Бәйтерек» қорының акционерлік қоғамы. Бәйтерек қоры, Қазақстанның өнеркәсіпті дамыту қоры өзі жұмыс істейтін банктермен шарт жасасуы тиіс. Осыдан кейін олар аталған банктердің шотына ақша аударуы керек және банктер жұмысқа кірісуі керек. Оған қанша уақыт кететінін әр банкпен жеке анықтаймыз. Әзірге бірнеше банкпен уағдаластық бар. Олармен келісім жасалды, қазір бұл жұмыс пысықталып жатыр», - деді Қ. Өскенбаев.
Сонымен бірге, ҚР Экология, геология және су ресурстары министрі Серікқали Брекешев утилизациялық алымның сомасын азайту бұйрығы қашан күшіне енетінін айтты.
«Бұл бұйрық бүкіл мемлекеттік органдармен келісілді және Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберілді. Әділет министрлігінен шыққан соң белгілі болады», - деді Серікқали Брекешев.
Экология министрлігі баспасөз қызметінің нақтылауынша, утиль алымын 50 пайызға дейін төмендету бұйрығы 11 мамырда күшіне енеді.