Brent
100.41
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жеңілдікпен автонесие беру бағдарламасы: Бүгін тағы 10 млрд теңге бөлінді
Жаңалықтар

Жеңілдікпен автонесие беру бағдарламасы: Бүгін тағы 10 млрд теңге бөлінді

19.08.2022
1 мин
2
2595

Индустриялық даму қоры (ИДҚ) жеңілдетілген автонесие бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы айтты.

«Индустриялық даму қоры жеңілдетілген автонесие бағдарламасы аясында «Еуразиялық банк» АҚ-қа қалған 10 миллиард теңге лимитті бөлді», - делінген хабарламада.

Сонымен, ИДҚ бағдарламаға қатысушы банктерді 100 миллиард теңге көлемінде қаржыландырды, оның ішінде:

«Еуразиялық банк» АҚ – 35 миллиард теңге;

«Банк ЦентрКредит» АҚ – 27,5 миллиард теңге;

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ – 22,5 миллиард теңге;

«Forte Bank» АҚ – 15 миллиард теңге.

«Бүгінде бағдарлама бойынша автокөлік сатып алуға 31 538 өтініш қабылданып, 95,517 миллиард теңгеге 12 483-і мақұлданды. Барлығы 77,068 миллиард теңгеге 10 015 автокөлік берілді», деді қордағылар. 

Автокөлік сатып алуға өтініштердің көпшілігі мына өңірлерден түскен:

Алматы - 7031;

Нұр-Сұлтан - 5381;

Шымкент - 4664;

Қостанай облысы - 2465;

Қарағанды облысы - 2109;

Шығыс Қазақстан облысы - 1732;

Павлодар облысы - 1442;

Ақтөбе облысы - 1144;

Жамбыл облысы - 1112;

Қызылорда облысы - 815;

Маңғыстау облысы - 720;

Атырау облысы - 616;

Батыс Қазақстан облысы - 594;

Ақмола облысы - 571;

Солтүстік Қазақстан облысы - 524;

Алматы облысы - 470;

Түркістан облысы - 148.

ИДҚ жеңілдетілген автонесие бағдарламасы 30 жылға есептелгенін еске салды. Бөлінген лимит толық игерілгеннен кейін автонесие бастапқы қарыз алушылардың өтелген несие төлемдері есебінен беріледі.

«Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы бойынша револьверлік механизмді биыл қыркүйекте іске қосу жоспарланған, одан кейін қатысушы банктер автонесие алуға өтінімдерді жинауды жалғастырады», - деді қор өкілдері.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
2 Пікір
А
Алина 20.08.2022
Өтінішті қайда береміз жеңілдікпен автонесие алу үшін
Жауап беру
А
Айнур 20.08.2022
Кайдан билсек болады
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
146
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл