Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Бристоль университетінің ғалымдары 250 миллион жылдан кейін барлық құрлық біртұтас суперконтинентке бірігуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Dauletten.kz сайты Массагетке сілтеме жасап.
Бұл өзгеріс Жер бетінің тек 8-16%-ында ғана сүтқоректілердің өмір сүруіне қолайлы жағдай қалыптасатынын көрсетеді. Зерттеу нәтижелері Nature Geoscience журналында жарияланған.
Ғалымдардың пайымдауынша, климатта айтарлықтай өзгерістер болмақ. Континенттердің бірігуі сүтқоректілердің, соның ішінде адамдардың өмір сүруіне өте қолайсыз жағдай туғызады.
Жаңа суперконтиненттің негізгі бөлігі 40-50 градус Цельсий аралығындағы температурамен сипатталады, ал кейбір аймақтарда бұл көрсеткіш 70 градусқа жетуі мүмкін. Мұның себебі — континенттердің мұхиттардан алыстап, шоғырлануында. Сонымен қатар күн белсенділігі 2,5% артып, климаттың ыстықтауына әсер етеді. Вулкандық белсенділік те күшейіп, атмосферадағы көмірқышқыл газының деңгейін жоғарылатады.
Жердің тек 8-16%-ы ғана сүтқоректілердің өмір сүруіне жарамды болады. Ішкі аймақтарда өте жоғары температурамен құрғақ шөл далалар пайда болады.
Зерттеушілер адамзат жаңа климаттық жағдайларға бейімделуге немесе басқа ғаламшардан жаңа мекен іздеуге мәжбүр болуы мүмкін екенін болжайды.