Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Жезқазған қаласындағы Түсіпбеков көшесінде орналасқан үйдің ауласында үш бала ойын алаңын өртеген. Оқиға 7 шілдеде түнгі сағат 4 шамасында болған, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Балалар түн ішінде көшеден тапқан жемпірді өртеген. Жалын сырғанаққа таралып, нәтижесінде оның пластик бөлігі толығымен жанып кеткен. Сондай-ақ, маңайдағы ағаш орындық та зақымдалған.
- Оқиғаға қатысы бар кәмелетке толмағандар анықталды. Тергеу нәтижесінде олардың ата-аналарына бала тәрбиесіне тиісті түрде мән бермегені және балалардың түнгі уақытта ересектердің бақылауынсыз көшеде жүргені үшін әкімшілік жауапкершілік жүктелді, – делінген ресми хабарламада.