Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Видео авторы оқиға Әзірбаев көшесінде болғанын жаза кеткен. Көліктің шетінде тұрған ер адам жол бойындағы жұмысшыға дауыс көтеріп сөйлегені байқалады. Кейін ол жұмысшыға қарсы шығып, жұлқылап, тізерлеуге мәжбүр етеді.
Пост авторы жанжалға не себеп болғанын жазбады, бірақ пікірлер бөлімінде желі қолданушылары ер адамның әрекетіне қатты ашуланып, тауып, жазаға тарту керектігін айтуда.
Оқиғаға қатысты Астана полициясы түсініктеме берді, бірақ олар да жанжалға не себеп болғанын айтпады.
«Әлеуметтік желілерге мониторинг жасау барысында жүргізуші мен жұмысшы арасында жанжал болғанын көрдік. Полиция қызметкерлері олардың кім екенін анықтады. Жұмысшы ешқандай шара қолданбауды өтінді. Олармен сөйлесіп, түсіндіру жұмысы жүргізілді», – деп хабарлады Астана қаласының полиция департаменті.