Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жұмбақ жағдайда жоғалған бала мешіттен табылды
Жаңалықтар

Жұмбақ жағдайда жоғалған бала мешіттен табылды

16.01.2023
1 мин
0
494

2023 жылдың 15 қаңтарында Қаратау қаласының полициясына 2 жасар баланың үйінен жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Dauletten.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Баланың анасы оны әжесімен бірге қалдырып, дүкенге кеткенін, ал қайтып оралғанда оны үйінен таппағанын айтты. 

Осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 125-бабы 2-бөлігі 5-тармағымен (Адам ұрлау) сотқа дейінгі тергеу iсi басталды.

Жамбыл облысы Полиция департаментінің басшылығы жедел түрде іздестіру іс-шараларын жүргізуге Қаратау қаласына барды.

"Хабарлама түскен сәттен біз баланы іздеуге кiрiстiк. Iздестiру шараларына 80 полиция қызметкері, 50-ден астам еріктілер және ауданның қамқор тұрғындары жұмылдырылды. Біз қаланың әр бұрышын аралап, барлық жертөлелер мен үйлердің шатырларын қарадық. Ең басты тiлегiмiз баланы тірі және сау табу болды", - деді Талас АПБ ЖПҚб кәмелетке толмағандар жөніндегі учаскелік инспекторы полиция капитаны Жанғали Көпжасаров. 

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде бала мешітте табылып, Талас ауданының орталық аудандық ауруханасына жеткізілді. Медициналық тексеру барысында баладан ешқандай жарақат белгілері анықталған жоқ.

Полиция қызметкерлерімен анықтау жұмыстары барысында анасы болмаған кезде таныс әжелер пәтерге келіп, алкоголь ішкенi белгілі болды. Баланың қатты жылағанын естіген пәтер қонақтарының бірі қатты мас күйінде оны көрпеге орап, жақын маңдағы мешітке апарған. 

Қазіргі уақытта болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Фото:  nege.kz

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл