Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Еліміздің бірнеше өңірінде жұмыртқа бағасы қымбаттады. Жаңа жыл қарсаңында жұмыртқаның 10 данасы 500 теңгеге жеткен.
Баға өсімі әсіресе Солтүстік Қазақстан облысы мен Ақтау қаласында байқалады.
Ақтау қаласының тұрғыны Алина Донскованың айтуынша, жұмыртқа басты қажеттіліктердің бірі. Баға қанша жоғары болса да, оны алуға тура келеді. Әдетте жұмыртқаның 50 данасын бірден сатып алатынбыз. Ал қазір дәл сол сомаға небәрі 10-20 жұмыртқа алуға болады.
Кейбір бөлшек сауда орындарында маңызды өнім сөрелерде сатылымда жоқ. Мамандар мезгілге байланысты өнімнің аз болатындығын, сонымен қатар еліміздің солтүстігінде жұмыртқа өндірілмейтіндігін алға тартты.
«Өңірдегі құс фабрикаларының ішінде қазіргі кезде тек біреуі жұмыс істейді. Сол себепті бағаны тұрақтандыру мүмкін болмай тұр. Сұраныс бар. Десе де, фабрикалардың жабылуына байланысты, баға қымбаттап отыр. Біз нарықтағы бағаны белгілей алмаймыз. Баға өндірушіге байланысты. Бизнес жұмыртқаның бағасына 2-4 теңге қосады, өйткені ол логистика мен орамаға кеткен шығынды жабады, - дейді Солтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму бөлімінің басшысы Медет Оспанов.
Тағы көру