Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Нұр-Сұлтан қаласындағы жұмыс істейтін жастарға жалдамалы пәтерге өтініш беру 1 желтоқсанда басталды. Құжаттарды қабылдау 6 желтоқсанға дейін жалғасады.
Тұрғын үй қорының баспасөз хатшысы Арманай Оңғарбаеваның айтуынша, өтінімдер онлайн қабылданады. Сол себепті жобаға өтініш беру үшін азаматтарда ЭЦҚ кілті болуы керек.
Аталмыш бағдарламаға 29 жасқа дейінгі жұмыс істейтін азаматтар қатыса алады. Өтініш беруші жастар атында баспана болмауы керек. Сондай-ақ табыс көзі 40 АЕК немесе соңғы 6 айда 111 120 теңгені құрауы керек.
Азаматтар өтінімі арнайы балл арқылы саналады. Өтініштер https://qatysu.zhilfond.kz/index.php сайты арқылы қабылданады. Бағдарламаға өткен азаматтар тізімі zhilfond.kz сайтында жарияланады.
Тағы көру