| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда зейнетақы төлемдері 3,8 трлн теңгеден асты, - деп хабарлайды Dauletten.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
Республикалық бюджеттен базалық зейнетақыға 1,25 трлн теңге, ал ынтымақты зейнетақыға 2,62 трлн теңге қарастырылды. Қазіргі уақытта елімізде 2,5 миллионнан астам зейнеткер бар.
Бюджеттен:
- Базалық зейнетақыға – 1,25 трлн теңге
- Ынтымақты зейнетақыға – 2,62 трлн теңге
Қазіргі уақытта елімізде 2,5 миллионнан астам зейнеткер бар.
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап:
- Базалық зейнетақы инфляцияны ескере отырып 6,5%-ға
- Ынтымақты зейнетақы 8,5%-ға өсті
Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан 120%-ына дейін кезең-кезеңімен өсірілуде.
2025 жылғы 1 қаңтардағы көрсеткіштер:
- Ең төменгі базалық зейнетақы – 32 360 теңге
- Ең жоғары базалық зейнетақы – 50 851 теңге
Базалық төлем әр азаматтың еңбек өтіліне байланысты тағайындалады:
10 жылдан аз өтілі барлар – күнкөріс деңгейінің 70%
20 жылдық еңбек өтілі барлар – 90%
30 жыл және одан көп жұмыс істегендер – 110%
Міндетті зейнетақы жарналары тұрақты және толық аударылған сайын, зейнет жасына жеткенде төлем көлемі артады. Сонымен қатар, зейнетақы мөлшері адамның еңбек өтілі мен орташа айлық табысына байланысты есептеледі.