Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жылыту маусымы: Елордада көмір қоры құрылды
Жаңалықтар

Жылыту маусымы: Елордада көмір қоры құрылды

18.09.2021
1 мин
0
1445

Елордада 12 жерде қала тұрғындары үшін көмір сатылып жатыр.  Әкімдік тұрғындарға жылу беру маусымы басталғанға дейін көмір сатып алуға кеңес берді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты. 

Атап өту керек, елорда әкімдігі Нұр-Сұлтанда көмір сатумен айналысатын компаниялармен, соның ішінде қара отын бағасының өсуіне жол бермеу туралы меморандумдар жасасты.

«Қалада 12 жерде көмір сатуды қамтамасыз ететін 7 компания бар. Аталған орындарға қалаға әкелінетін көмірдің негізгі бөлігі жеткізіледі және осы жерден көмір саудасы жүзеге асырылады. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі барша тұрғындарды көмір сатып алуды алдын ала қамтамасыз етуге шақырады. Күн суығанда көмірді жұрттың бәрі жаппай сатып алатындықтан кезектер туындауы мүмкін. Мұндай жағдай болмас үшін біз қыркүйек айынан бастап халықты көмір сатып алуға шақырамыз», - деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Отын-энергетикалық ресурстар бөлімінің басшысы Мақсат Есмағұлов.

Белгіленген бағаларға сәйкес, елордадағы көмірдің орташа құны:

Шұбаркөл тоннасына – 13 200 тг;

Қаражыра тоннасына – 13 500 тг;

Майкөбе тоннасына – 12 000 тг;

Богатырь көмірі тоннасына – 9 500 тг.

«Қазіргі уақытта қоймада 800 тоннаға жуық Шұбаркөл көмірі мен екі мың тоннаға жуық Майкөбе көмірі бар. Ешқандай кезек жоқ, негізінен Көктал-1, Көктал-2 Агроқалашық тұрғын үй алаптарының халқы көмірді бізден сатып алады, бірақ биыл олардың барлығы газға қосылады. Көмір қыс бойы жеткізіліп тұрады», - деді «Бек-Айда» ЖК қойма меңгерушісі Дулат Құсайынов.

Нұр-Сұлтанда көмірді мына мекенжай бойынша сатып алуға болады:

- Герцен көшесі, 4/1 - Қаражыра сорты, Қаражыра тұтынушысы.;

- Сороковая станция - Қаражыра сорты, Қаражыра тұтынушысы.;

- Герцен көшесі, 6/2 - Ұсақ богатырь, Майкөбе, Қарағанды, Жалын, Қаражыра, Шұбаркөл сорты.;

- Көктал, 28/1 - Майкөбе;

– Жұбанов к-сі, 35 - Шұбаркөл;

- Көктал, 28/2 - Шұбаркөл;

- Ж. Жабаев көшесі, 68 - Қаражыра сорты, Қаражыра орешек;

– Мақат к-сі, 40 – Қаражыра сорты, Қаражыра;

- Герцен көшесі, 6Б – богатырь, Қаражыра, Жалын, Майкөбе;

- Сороковая станция - Шұбаркөл.

Сондай-ақ, 109 нөмірі бойынша «жедел желі» құрылды, ол арқылы қала тұрғындары көмір сататын орындардағы қара отын құны мен қорлары туралы біле алады. Бұл ақпарат күн сайын жаңартылып отырады.

Депозитке ай сайын ақша салып тұрасыз ба?
7847 адам
Иә 0%
Жоқ 0%
Кейде 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл