| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Есепшоты бұғатталған азаматтарға жалақыны қолма-қол беру мәселесі көтерілді. Бұл ұсынысты Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов айтты, – деп хабарлайды Dauletten.kz.
Оның сөзінше, егер адамның берешегі болса, жалақысының 50 пайызы ұсталып қалуы мүмкін, бірақ қалған бөлігін міндетті түрде қолма-қол беру қажет. Сондай-ақ депутат банктердің жалақыны толықтай бұғаттауына жол бермеу керектігін атап өтті. Қазіргі таңда елде шамамен 1,5 миллион адамның есепшоты бұғатталған. Соның салдарынан олар жаңа карта аша алмай, жұмысқа орналасуда қиындық көріп, өз жалақыларын пайдалана алмай отыр.
- Өткенде Ұлттық банкпен сөйлестім, біз қарсы емеспіз дейді. Сондықтан Еңбек кодексіне осындай ұсыныс беріп отырмыз. Нотариустар қазір 1,5 млн адамның шоттарын сотсыз бұғаттап тастаған. Ешқандай жұмыс істеуге мүмкіндік жоқ. Не айлық ала алмайды, не тамақ іше алмайды. Шот болмағаннан кейін жұмысқа да қабылдамайды, – дейді Әбенов.