Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
БАҚ біз туралы

"100 миллион теңге". Блогер алты күнде алты отбасына баспанаға ақша жинап берді

19.05.2020
1 мин
0
907

Баспана мәселесін жазатын блогер Дәулет Төлеутайұлы оқырмандарымен бірге қайырымдылық акциясын өткізіп, алты күнде алты отбасына 100 миллион теңге жинады. Дәулет Төлеутайұлы Tengrinews.kz тілшісіне бұл қаражаттың қай отбасына қалай бөлінгенін айтып берді.

Дәулеттің сөзінше, ол оқырмандарымен бірге 11 мамырда Мақтааралда суға кеткен отбасыларға қаражат жинаған.

"Оқырмандарымызбен Рамазан айында да көбірек қайырымдылық жасайық деп шештік. Мамырдың ортасында басталған акцияда 100 миллион теңге көлемінде қайырымдылық жасадық. 11 мамырда суға кеткен Мақтаарал ауданының тұрғындарына көмектесу үшін 24,3 миллион теңге жинадық. Біз оған ауданда биыл мектеп бітіргелі отырған түлектерге 160 ноутбук сыйлаймыз деп шештік", - дейді блогер.

Обменяй квартиру в Нур-Султане

 

Квартира с отделкой от 105 576 ₽/м². Выгодный обмен на новостройки группы Самолет

 

Реклама

 

"Шолақ белсенділер ақшаны маған аудара сал деді". Блогер су тасқынынан зардап шеккендерге 23 миллион теңге жинады

Ал келесі күні Дәулет оқырмандарымен бірге жалғызбасты әкеге баспана сыйлаған.

"Сөйтіп 12 мамырда Instagram-да бір кісі жазды. Шымкентте Әдихан деген кісі тұрады екен. Ол 8 баласы бар жалғызбасты әке. Оған баспана сыйлайық деп, бірден ақша жинауды бастадық. Сөйтіп, бір күнде оған Шымкенттен баспана алып бердік. Үйді түсіріп берген бағасы - 6,5 миллион теңге. Қожайыны үйдің барлық затын алып кетемін деген соң, Әдихан ағаға жиһаз бен керек-жарағын алу үшін тағы 1 миллион теңге бердік", - дейді ол.  


Жалғызбасты әке Әдихан 

Блогердің айтуынша, олар ертеңіне Семей қаласының тұрғынына көмектескен. Шалқар Сухатұлы - 6 баласы бар жалғыз басты әке, әйелі қайтыс болған. Блогер мен фалловерлері отбасына Семейден 7,5 миллион теңгеге үй сыйлаған. Одан бөлек, Сухатұлының басында кредиті бар болған соң, несиесін жабу үшін қосымша 500 мың теңге берген.  


Шалқар Сухатұлының отбасы

"Одан бөлек менің "Бизнеске бағыт" атты кітабымды алушылар арасында да қайырымдылық жасалды. 9 баласы бар жалғызбасты ана Гүлжәмила ханымға ақша жинадық. Нәтижесінде оған Нұр-Сұлтанның сол жағалауынан 13 миллион теңгеге бір бөлмелі пәтер сыйладық. Ол жаңадан салынып жатқан үй, келісімшартын сол кісіге аударып қойдық. Кілт шілде-тамыз айында табысталады", - дейді Дәулет.


9 баласы бар жалғызбасты ана Гүлжәмила

Ол оқырмандарды отбасылардың арасында Құралбай мен Пернегүлдің өмірі таңғалдырғанын айтады.

"Пернегүл ханымның 11-балаға аяғы ауыр. Нұр-Сұлтандағы жатақханалардың бірінде екі бөлмені жалдап тұрған. Құралбай мен Пернегүл және оның қазіргі он баласынан бөлек, үйде үлкен ұлы әйелімен, баласымен тұрып жатыр екен. Келінінің қазір екінші балаға аяғы ауыр. Жалпы алғанда, бір үйде 15 адам тұрып жатыр. Сондықтан оларға 20 миллион теңге жиналды. Бұл сомаға елордадан 3-4 бөлмелі пәтер табу қиын. Сөйтіп, Қоянды елді мекенінен 120 шаршы метрлік үй алдық. Мал қора салуға, екі сиыр, екі бұзау сатып алуға ақша қалдырдық. Сосын Құралбай ағаға ота жасау қажет екен, соған да ақша керек деп ескердік. Сосын тағы бір қысқа көмір, мектепке баратын балаларға киім-кешек деп ақша қалдырдық. Жалпы алғанда отбасына 2,5 миллион теңге бердік", - дейді ол.

Одан бөлек блогер мен оның оқырмандары 15 және 16 мамырда жетім балаларға ақша жинаған. Біріншісі, жақында үш баланың әкесі Болат суға кеткен, алдында анасы Айгерім ауырып көз жұмған екен. Оларға 12 миллион баспана алуға, тағы бір миллион теңге үйге керек заттар алуға жиналған.


 Болат пен Айгерімнің артында қалған балалар

"Екінші отбасы - үш баланың ата-анасы Медет пен Самал 20 наурызда жол апатынан қайтыс болған. Осы үш жетім балаға ақшасын жинап қойдық. Бұл отбасына да үй алу үшін 12 миллион теңге жинадық. Қосымша 2 миллион теңге бердік, себебі екінші бала мүгедек екен. Оған ота жасату керек. Бұл отбасыларға жиналған қаражат қорда тұрады. Себебі қамқоршылық анықтамасы дайын болмай жатыр. 5-6 маусымда дайын болады деп жоспарланып отыр, сол кезде үйді рәсімдейміз", - дейді Төлеутайұлы.

Блогер осы алты отбасы мен мақтааралдық түлектерге алты күнде 100 миллион теңге жинаған екен.

Енді таяуда оның "Дәулеттен" атты қоры ресми тіркеледі.

"Менің "Дәулеттен" қорымның құжаты ресми тіркелуге жіберілді. Тіркелген соң, ай сайын бір реттік қайырымдылық акциясын жариялап отырамыз. Қордың негізгі бағыты - білім мен баспана. Сондай-ақ, жылына екі рет ауру балаларға ақша жинаймыз", - дейді ол.

Ал алдағы маусымда ол оқырмандарымен бірге тағы бес отбасына баспана сыйламақ.

"Енді қалада нан таба алмай, қиналып жүрмін деген отбасыларды ауылға жібергіміз келеді. Маусымда сондай мұқтаж 5 отбасына баспана алып бермекпіз. Бәрін бір ауылға жібереміз. Сонымен қатар, "балық бермей, қармақ бер" дегендей, екі бұзау мен екі сиыр, он шақты тауық сатып әпереміз деп жоспарлап отырмыз. Сосын сол бес отбасына ай сайын 42 500 теңгеден беріп отырамыз деп ұйғардық. Егер сол отбасылар тігін тігіп, құрт, айран дайындап немесе басқа да кәсіппен айналысса, мен өз оқырмандарыммен бірге сатып алып отырамыз", - деді Дәулет Төлеутайұлы.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл