Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Азаматтардың қарызын кешіріп, несие рақымшылығы 15 қаңтарда болатыны жайлы желіде видео тарады. Бұл ақпаратты ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жоққа шығарды, деп хабарлайды Stopfake.kz сайты.
YouTube желісінде тараған жалған ақпаратта 5 млн азаматтың банктен алған тұтынушылық несиесі, мерзімінен кешіктірілген өсімпұлдар мен айыппұлдар жабылатыны айтылған. Желіде 2019 жылы елімізде болған несиелік рақымшылық туралы ақпараттар қолданылған.
«Видеоның 2021 жылғы қаңтар айында жарияланғанына қарамастан, ол жердегі ақпарат елімізде 2019 жылы болған рақымшылық туралы. Сондай-ақ, мемлекет басшысы бұл рақымшылықтың бір реттік екенін және болашақта болмайтынын айтқан. Сол себепті желіде тараған несиелік рақымшылық туралы ақпарат шындыққа жанаспайды», – делінген хабарламада.
Тағы көру