Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ресейдің Сергиев Посад қаласында мектеп оқушысы ұйықтап жатқан анасын балтамен ұрып өлтірген, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Оқушының бұл әрекетке баруына анасының оны тәулік бойы компьютерлік ойындар ойнауына тыйым салып, телефонын алып қоюы мен мектепке бармай қалғаны үшін ұрысуы себеп болған.
Әйел оқиға орнында қайтыс болды. Ұлы жуынған соң, жақын маңдағы полиция бөліміне барып, өз әрекетін баяндаған. Полиция келгенде, 48 жастағы әйелдің денесін өлімнен кейін төрт сағат өткен соң тапты.
Тексеру барысында әйел баланың планшеті мен телефонын бірге алып қойғаны анықталды. Сол кезде оқушы ренжіп, анасын бірнеше рет балтамен ұрған. Бұл факті бойынша кісі өлтіру ісі қозғалды.
Туыстарының сипаты бойынша: "отбасы ‒ жайлы, әйел беделді фирмада бухгалтер болып жұмыс істеген". Баланы "тыныш, сабырлы, досы аз, жақсы оқитын бала” деп сипаттаған.