467.65
533.26
5.96
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жол қозғалысы туралы заң жаңарды: жүргізушілер үшін қандай талаптар күшейеді?
Жаңалықтар

Жол қозғалысы туралы заң жаңарды: жүргізушілер үшін қандай талаптар күшейеді?

22.07.2026
мин
0
264
Сурет: Zakon.kz

ІІМ «Жол жүрісі туралы» заңға енгізілген өзгерістерді түсіндірді, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 2026 жылғы 25 тамыздан бастап Қазақстан Республикасының «Жол жүрісі туралы» заңына енгізілген бірқатар өзгеріс күшіне енеді.

Ең алдымен, 65 жастан асқан жүргізушілер мен мүгедектігі бар жүргізушілер екі жылда бір рет міндетті медициналық тексеруден өтуге тиіс. Медициналық тексеруден өткені туралы мәліметтер Денсаулық сақтау министрлігі мен Ішкі істер министрлігі арасында автоматты түрде алмасады.

Егер мемлекеттік ақпараттық жүйеде жүргізушінің медициналық тексеруден өткені және көлік құралын басқаруға қарсы көрсетілімдерінің жоқтығы расталмаса, оның көлік құралын басқару құқығы тоқтатылады.

ІІМ бұл талаптың тек 65 жастан асқан және мүгедектігі бар жүргізушілерге ғана қатысты екенін ерекше атап өтті.

Заңдағы тағы бір маңызды өзгеріс – жол қозғалысы қағидаларын білу деңгейін қайта тексеру. Енді заңда көзделген жағдайларда жол жүру ережелерін өрескел бұзған жүргізушілер қайтадан теориялық емтихан тапсыруға жіберілуі мүмкін.

Мұндай құқық бұзушылықтарға жол қиылысынан өту кезінде апаттық жағдай туғызу, белгіленген жылдамдықты бірнеше рет асыру, сондай-ақ маневр жасау, жолақ ауыстыру немесе басып озу қағидаларын қауіпті түрде бұзу жатады.

Бұл талап барлық жүргізушілерге емес, тек заңда нақты көрсетілген жағдайларда ғана қолданылады.

Егер жүргізуші дәлелді себепсіз тиісті қаулыны алған күннен бастап екі ай ішінде теориялық емтиханға келмесе, бұл да көлік құралын басқару құқығын тоқтатуға негіз болады.

Сонымен қатар, алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде көлік басқарғаны үшін жауапкершілік күшейтілді.

Енді қылмыстық іс жәбірленушімен татуласуына байланысты тоқтатылғанның өзінде, құқық бұзушы 8 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылады. Ал егер жүргізуші куәлігі болмаса, оны 8 жыл бойы алу мүмкін болмайды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл