Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Бүгін Бас прокуратура және Ішкі істер министрлігінің Интерпол қызметкерлері Қазақстан Республикасының Армениядағы Елшілігінің көмегімен қаржы пирамидасын басқарған Қазақстан азаматшасын қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін елге экстрадициялады, деп хабарлайды dauletten.kz.
Күдікті 2019-2021 жылдар аралығында Қостанай облысындағы «Finiko» қаржы пирамидасының бөлімшесін басқарып, 167 млн теңгеден астам сомаға 40-қа жуық адамды алдаған. Қылмыс жасалғаннан кейін Арменияда жасырынған. Қазір күдікті елге экстрацияланып, Ақтау қаласының тергеу изоляторына қамаққа алынды. Аталған қылмысты жасағаны үшін 7 жылға дейінгі мерзімге белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.