Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Атырауда 3-сынып оқушысы 20 күн бойы сабаққа бармаған. Ұлының дәлелсіз сабақтан қалғаны үшін анасына айыппұл салынды, деп хабарлайды Dauletten.kz.
«Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабының 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды. Сотта анықталғандай, құқық бұзушы Ж.-ның ұлы, 3-сынып оқушысы дәлелсіз себептермен 20 күн бойы сабаққа қатыспаған. Оқушының анасы Ж. кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу, оған білім беру, сондай-ақ күтім жасау және күтіп-бағу жөнiндегi мiндеттерiн орындамаған», - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Сот отырысында құқық бұзушы өзінің кінәсін мойындап, әрекетіне өкінетінін білдірген. Сот қаулысымен кәмелетке толмаған баланың анасы кінәлі деп танылды.
«Сот құқық бұзушының жеке басын, отбасылық және материалдық жағдайын, құқық бұзушылықтың сипатын ескере отырып, оған 24 150 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл тағайындады», - деп жазылған хабарламада.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.