Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
2022 жылы Алакөл көліне қандай пойыздар қатынайды
Жаңалықтар

2022 жылы Алакөл көліне қандай пойыздар қатынайды

01.06.2022
1 мин
0
1946

Осы жазғы маусымда Алакөл көліне сапар 11 бағыт бойынша жүреді. Оның ішінде су қоймасына "Тальго" пойыздарымен де жетуге болады.

Нұр-Сұлтаннан Алакөл көліне мына пойыздармен жетуге болады:

№54/53 Нұр-Сұлтан "Нұрлы жол" - Достық: аптасына екі рет "Жолаушылар тасымалы" АҚ, 612 орын ұсынылды;

№ 258/257 Нұр-Сұлтан-1 - Достық 2022 жылдың 16 маусымынан 28 тамызына дейін: аптасына екі рет, "Жолаушылар тасымалы" АҚ, 670 орын ұсынылды;

Нұр-Сұлтан-1 - Достық қайта отырғызылмайтын вагондар №121/122 Нұр-Сұлтан-1 - Семей, №6941/6942 Ақтоғай - Достық (Ақтоғай станциясы бойынша қайта тіркеумен) пойыздарының құрамында: күн ара, "Арай Транс К7" ЖШС 232 орын ұсынылды.

Алматыдан:

№ 137/138 Алматы-2 - Достық: аптасына үш рет, Wagon Service Almaty, 682 орын ұсынылды;

№ 221/222 Алматы-2 - Достық 2022 жылдың 15 маусымынан 31 тамызына дейін: аптасына үш рет тасымалдаушы "Жолаушылар тасымалы" АҚ, 670 орын ұсынылды;

№21/22 Қызылорда - Семей, №6942/6941 Ақтоғай - Достық пойыздарының құрамындағы Алматы-1 - Достық тікелей қатынайтын вагондары (Ақтоғай станциясы бойынша қайта тіркеумен): күнара "Жолаушылар тасымалы" АҚ тасымалы, 352 орын ұсынылды;

№ 211/212 Алматы - Достық "Тальго" вагондарымен күнара, 290 орын ұсынылды;

№ 453/454 Алматы-2 - Достық "Тальго" вагондарымен: аптасына үш рет, 290 орын ұсынылды.

Шығыс Қазақстан облысынан:

№459/6941//6942/460 Өскемен-1 - Шар - Достық 2022 жылғы 1 маусымнан 31 тамызға дейін: күнара "Жолаушылар тасымалы" АҚ, 332 орын ұсынылды;

№6941/6942 Ақтоғай - Достық: күн сайын, "Жолаушылар тасымалы" АҚ.

Абай облысынан:

№457/6941//6942/458 Семей - Шар - Достық 2022 жылғы 1 маусымнан 31 тамызға дейін: күнара "Жолаушылар тасымалы" АҚ, 384 орын ұсынылды.

Айта кетейік, Алакөл көлі бағытында жолаушылар тасымалын қамтамасыз ету үшін 2022 жылы 343 212 орын ұсынылады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 11 764 орынға артық.

Алимент төлемеген жағдайда не істеу керек?
2624 адам
жауапкершілікке тарту керек 0%
айыппұл салу керек 0%
әлеуметтік жұмысқа тарту керек 0%
сотқа жүгіну керек 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл