Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
2023-2027 жылдарға арналған кешенді дамыту жоспарына қай моноқалалар енді?
Жаңалықтар

2023-2027 жылдарға арналған кешенді дамыту жоспарына қай моноқалалар енді?

11.09.2023
1 мин
0
766

Үкімет қаулысымен 2023-2027 жылдарға арналған Жаңатас, Қаратау және Риддер қалаларын әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспарлары бекітілді. Бұған дейін Алтай, Арқалық, Балқаш, Жітіқара, Лисаковск, Серебрянск және Степногорск қалалары бойынша кешенді жоспарлар қабылдаған еді, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Алдағы жоспарда 10 моноқаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту бойынша нақты мақсаттар белгіленген. Онда 608 тармақтан тұратын мына іс-шараларды іске асыру көзделген: денсаулық сақтау, білім беру, спорт, инженерлік инфрақұрылым, шағын және орта бизнес, агроөнеркәсіптік кешен нысандарын салу және жөндеу, заманауи жабдықтарды сатып алу қарастырылған. Осы мақсаттарға 1,7 трлн теңге бөлу жоспарланған.

Мысалы, Жаңатас қаласында республикалық және жергілікті бюджет, сондай-ақ басқа да көздер есебінен 75 іс-шараны іске асыруға 3 млрд теңгеден астам қаражат жоспарланған. Қаратауда шамамен 50 млрд теңге – бюджеттен тыс ақша.

Арқалық қаласында Маятас кластерінің кен орындарына геологиялық зерттеу жүргізілгеннен кейін тау-кен байыту комбинатын салу жоспарланып отыр. Құны 315 млрд теңге болатын жоба 1,2 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Арқалықты әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспары Қостанай облысының Амангелді және Жангелдин аудандарын дамыту жөніндегі іс-шаралармен толықтырылған.

Балқаш қаласында кешенді жоспарды іске асыру нәтижесінде өнеркәсіп өндірісінің нақты көлемінің индексі 8,5%-ға, өңдеуші өнеркәсібінің үлесі 90%-дан кем емес өсіп, негізгі капиталға салынған инвестиция 57 млрд теңге болады деп күтіледі. Шағын және орта бизнес нысандарының саны, олардың өнімдерінің көлемі және жұмыс орындары біраз көбеймек. Ал әуежай реконструкцияланғаннан кейін туристер ағыны мен іскерлік белсенділік 4 есе артады деп болжанып отыр. 2027 жылға дейін атмосфераға таралатын зиянды шығарындылар 78,5 мың тоннадан 50,2 мың тоннаға дейін азаяды деп күтіледі.

Ақмола облысының Степногорск қаласында өнім шығаруды 71 млрд теңгеден 90 млрд теңгеге дейін, ал ауыл шаруашылығындағы ЖІӨ көлемін 10%-ға арттыру көзделіп отыр. 3,5 мың жаңа жұмыс орны құрылатын болады. Медицина қызметкерлері жаңа медициналық колледжде дайындалатын болады. Орталық қалалық ауруханаға күрделі жөндеу және техникалық жарақтандыру жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ жылумен және электрмен жабдықтау мен кәріз желілерінің тозу деңгейін төмендету жоспарланып отыр. 15 аула аумағын абаттандыру есебінен балаларға қолайлы жағдай жасалады.

Еске сала кетсек, мемлекет басшысы моноқалаларға қатысты мемлекеттік саясатты қайта қарау, олардың одан әрі дамуына және ең бастысы, онда тұратын азаматтарға қолдау көрсетуді тапсырған болатын. Қасым-Жомарт Тоқаев 27 моноқаланың әрқайсысының тұрақты экономикалық өсімнен бастап тоқырауға дейін даму перспективалары әртүрлі екенін атап өтті. Олардың кейбірі нарыққа бейімделіп, экономикасын әртараптандырып үлгерді. Бірақ жалпы даму жолындағы теңгерімсіздік айқын.

Осыған байланысты Ұлттық экономика министрлігі моноқалаларды дамытуда кешенді тәсілді қолдану мақсатында, сондай-ақ жаңа шараларды жүйелеу және іске асыру үшін тиісті Жол картасын әзірлеп жатыр.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл