| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Үкімет отырысында 2026–2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы таныстырылды. Жоба балалардың құқықтарын қорғауды және әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға бағытталған, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында әзірленген «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасын Үкімет отырысында ұсынды. Құжат Бала құқықтары жөніндегі уәкіл және бейінді министрліктермен бірлесіп дайындалған және балалардың құқықтарын қорғау шараларының дәйектілігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған.
- Бұл тұжырымдама қауіпсіздік, білім беру, денсаулық сақтау, отбасы құқығы және әлеуметтік қорғау сияқты салалардағы балалардың құқықтарын қамтиды. Тиімділікті бағалау үшін 10 индикатор, ал жүзеге асыру үшін 158 іс-шара көзделген. Қаржыландырудың жалпы көлемі – 1,3 трлн теңге», — деді Жұлдыз Сүлейменова.
Сонымен қатар, құжатта буллингті анықтау үшін бейнебақылау камераларына жасанды интеллект енгізу, интернет-платформалардың құқыққа қайшы контент үшін жауапкершілігін күшейту және басқа да заманауи технологиялар қолдану шаралары қарастырылған. Бұл балалардың құқықтарын қорғауда тиімділікті арттыруға және қауіпсіз ортаны қамтамасыз етуге бағытталған.