Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
2026 жылдан бастап Астанада жүргізушісіз такси қызметі іске қосылады
Жаңалықтар

2026 жылдан бастап Астанада жүргізушісіз такси қызметі іске қосылады

30.12.2025
мин
0
227
Сурет: ЖИ көмегімен

2026 жылдан бастап Астанада жүргізушісіз такси қызметі кезең-кезеңімен енгізіледі, - деп хабарлайды Dauletten.kz. 

Келесі жылдан бастап елордада жаңа көлік форматы – автономды такси жобасы іске асырылады. Бұл бастама Жасанды интеллект және Көлік министрліктері, Астана қаласының әкімдігі және Yandex Qazaqstan компаниясы арасындағы меморандум аясында жүзеге асырылады.

Жобаның мақсаты – адам факторын азайтып, жол-көлік оқиғаларын төмендету. Сонымен қатар автономды такси қозғалыс ағынын реттеуге, тұрғындардың, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қозғалысын жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Жобаны кезең-кезеңімен енгізу жоспарланып отыр. Алдымен таксилер пилоттық режимде сынақтан өтеді. Барлық операциялар қауіпсіздік талаптарына сай жүргізіледі және инфрақұрылымның дайын болуына ерекше назар аударылады.

- Жүргізушісіз такси бойынша пилоттық жобаны іске қосу – ақылды әрі қауіпсіз қалалық мобильділікті дамытудағы маңызды қадам. Автономды көлікті енгізу кезең-кезеңмен, азаматтардың қауіпсіздігін басымдыққа ала отырып іске асырылады, – деді премьер-министрдің орынбасары, жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев.

Пилоттық бағыт ретінде Астана халықаралық әуежайынан Abu Dhabi Plaza сауда орталығына дейінгі маршрут таңдалған. Автономды көліктер жол жағдайларын, тәуекелдерді бағалағаннан кейін ғана оператор мен өндірушінің бақылауымен пайдалануға беріледі.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл