| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Вице-премьер Серік Жұманғарин 2026 жылы тұрғын үй нарығында бағаның күрт өсуіне себеп болатын факторлар жоқ екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Үкімет отырысында сөйлеген сөзінде ол биылғы жылжымайтын мүлік нарығындағы баға өсімі бір ғана себеппен түсіндірілмейтінін атап өтті. Экономикалық жағдай, соның ішінде ұлттық валютаның әлсіреуі тұрғын үйге деген қызығушылықты арттырған факторлардың бірі болуы мүмкін.
- Мүмкін, теңге бағамының әлсіреуі белгілі бір деңгейде ықпал еткен болар. Өйткені жылжымайтын мүлік әрдайым инвестиция үшін “тыныш айлақ” ретінде қарастырылады. Әсіресе өз қаражатын басқа инвестициялық құралдарға салмайтын адамдар үшін бұл маңызды. Бұл – көпфакторлы модель, – деді вице-премьер.
Сонымен қатар вице-премьер қолданыстағы Салық кодексін ескере отырып, келесі жылы, оның ішінде ҚҚС әсерінен тұрғын үй бағасының өсуіне алғышарт жоқ екенін нақтылады.