| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда су нысандары, су шаруашылығы инфрақұрылымы, су пайдаланушылар, жерасты сулары және саланың басқа да бағыттары бойынша деректерді біріктіретін Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі әзірленді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Жүйенің негізгі мақсаты – су ресурстарын басқару саласында шешім қабылдауға қажетті бірыңғай, сенімді және өзекті деректер қорын қалыптастыру.
Қазіргі уақытта жүйеде 23 мыңнан астам су нысаны туралы ақпарат цифрландырылып, жүйелендірілген. Оның ішінде:
Сонымен қатар СРҰАЖ-да 3 мыңға жуық ұйым мен 4 мыңнан астам пайдаланушы тіркелген. Жүйеге су шаруашылығы және гидротехникалық нысандардың 9 мыңға жуық цифрлық паспорты енгізілді.
Жүйе арқылы суды бастапқы есепке алу бойынша 2,2 мыңнан астам есеп, сондай-ақ 2-ТП нысаны бойынша 1,3 мыңнан астам есеп қабылданған.
СРҰАЖ-ның функционалдық мүмкіндіктеріне су балансын жүргізу, су пайдалануды есепке алу және талдау, су қоймаларының жай-күйін мониторингілеу, трансшекаралық су нысандары бойынша деректермен жұмыс істеу, сондай-ақ ғарыштық мониторинг технологияларын пайдалану кіреді.
«Су ресурстарының ақпараттық-талдау орталығы» КЕАҚ басқарма төрағасы Қайратғали Хайрулланың айтуынша, қазіргі уақытта Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі өнеркәсіптік пайдалануға енгізудің соңғы дайындық кезеңінде тұр.