| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Борышын кешіктірген азаматтарға жаңа несие ережесі енгізілді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қарыз алушылар үшін жаңа ереже қабылдады. Енді қарызын кешіктірген азаматтар жаңа несие ала алмай қалуы мүмкін.
Негізгі шарттар:
- Банкке 30 күннен, микрокредитке 1 күннен астам қарызын кешіктіргендер жаңа несие ала алмайды;
- 2025 жылғы 1 шілдеден бастап, соңғы 36 айда негізгі борыш пен сыйақы толық кешірілген болса, несие берілмейді;
- Соңғы 12 айда қарызды қайта құрылымдаған, бірақ төлем қабілетіне әсері болмаған жағдайда да несие шектеледі.
Сонымен қатар, соңғы 12 айда 90 күннен артық төленбеген қарызы бар азаматтардың борыш жүктемесі коэффициенті 0,5-тен 0,25-ке дейін төмендейді.
Бұл жаңа ереже 24 қарашадан бастап күшіне енеді