Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
2Gis геоқызметінде карталар мен ұйымдар туралы деректер енді қазақ тілінде қолжетімді болады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Осы уақытқа дейін Қазақстандағы 2Gis интерфейсі – мәзірі, бөлімдері мен батырмалары қазақ тіліне аударылған болатын. Енді карталар мен ұйымдар туралы деректер де мемлекеттік тілде ұсынылмақ. Онда дүкен, дәріхана, тамақтану орындары, мәдени мекемелер, көрікті жерлер және тағы басқа орындардың орналасқан жері туралы ақпаратты мемлекеттік тілде алуға болады.
Компания хабарламасында айтылғандай, Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Астана, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Семей, Тараз, Түркістан, Орал, Өскемен, Шымкент және республиканың тағы басқа 41 қаласы мен 1245 елді мекені туралы анықтама мен картадағы мәлімет қазақ тіліне аударылды. Бұл қызмет түрі сынақтан өтеді.
Айта кетейік, Қазақстандықтар мәліметтегі қате туралы қосымшада немесе сайтта ескерте алады. Мұндай кері байланыс қазақ тіліндегі іздеу қызметтерінің жұмысын жақсартып, сапалы аударма жасауға көмектеседі.