Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 42 500 теңге мөлшерінде төлем тағайындауға 29 шілде таңғы 9.00-дегі жағдай бойынша 2 млн 283 мың өтінім қабылданды. Аталған төлем шілде айында шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған азаматтарға берілетінін атап өту керек.
Өтінім бергендердің 831,5 мыңы проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берді. Ал Egov.kz порталы және telegram-боттар арқылы өтініш бергендер 567,6 мың адамды құрады. 583,5 мың адам банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы берсе, қалған 301,2 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы өтініш берген.
Төлем 2 млн адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 1 млн 981 мың қазақстандыққа аударылды.
Естеріңізге сала кетейік, өтініш қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.
Тағы көру