Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Осы аптада «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталмақ. Оған алматылық жас мамандар үміткер бола алады.
Бағдарламаның негізгі шарттарына тоқталып өтейік:
Биыл «Алматы жастары» бағдарламасының талаптарынан қалада тіркеуде тұру міндеті алынып тасталып, ипотекадан үміткер сала мамандарының арасына құқық қорғаушылар да қосылды. Сондай-ақ былтыр шекті мөлшері 13 миллион теңгені құраған тұрғын үй заемдары биыл 18 миллионға дейін көтерілді.
«Алматы жастары» бағдарламасына өтінім беру наурыздың 31-не дейін жалғасады. Толығырақ ақпарат алып, тиісті құжаттарды өткізу үшін almaty-zhastary.kz сайты жұмыс істейді.
Айта кету керек, алдағы уақытта астаналық жас мамандар үшін де «Елорда жастары» бағдарламасы басталады.
Тағы көру